Мысалы, Тараздың өзінде 50-ге жуық жарыс ұйымдастырылған. Бүгінгі Ұлттық спорт күнін жамбылдықтар айрықша тойлап жатыр десек болады.
Мәселен, облыс орталығының өзінде 50-ге жуық іс-шара өтіп жатыр. Құмшағал тұрғын алабында оқушылыар арасында асық атудан қалалық турнир ұйымдастырылған. Ал «Тараз-Арена» спорт сарайында ұлттық спорттың 7 түрінен спартакиада өтуде. Қатысушылар асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, садақ ату сынды спорт түрлерінен сынға түсуде. Жалпы спартакиадаға 14-пен 35 жас аралығындағы тұрғындардан құралған 10 команда қатысып жатыр. Жалпы қалада ұлттық спортқа қандай мән беріліп отыр.
Мақсат Нареш, «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу» орталығының басшысы:
- Таразда спорттың 62 қамтылған. Оның 25-і олимпиадалық, 26- олимпиадалық емес, және 11 ұлттық спорт.
- Мерекеге орай қарттардың арасында да ұлттық спорттан жарыстар болып жатыр. Солардың бірі қазір біз тұрған белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұйымдастырылған. Мұнда спорттың 6 түрінен сайыстар өтуде. Ардагерлер жастардан қалмай ләңгі теуіп, асық атып, шахмат пен тоғызқұмалақта бақ сынауда. Үстел теннисінен кім мықтыны анықтап жатқандар да бар. Жалпы Жамбыл облысында 500 мың адам жүйелі түрде спортпен айналылады. 2400-ден аса спорт нысандары жұмыс істеп тұр.
Тегтер #спорт #Жамбыл облысы #спорттық шараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz