Оның ішінде өнер фестивальдері, шығармашылық байқаулар мен экологиялық акциялар бар.
Аймақтағы білім ошақтары да Наурыз мейрамын кең көлемде тойлап жатыр.
Абзал Азаматұлы, тілші:
Бүгін Наурызнаманың 7-ші күні. Яғни Ұлттық спорт күні. Осыған орай, облыс орталығындағы №9 мектепте «Армысыз, әз-Наурыз» атты мерекелік шара өтіп жатыр. Мектеп алдына киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен бәсеке көрігі қызған. Жарысқа оқушылар бөлек, жергілікті тұрғындар да белсене қатысып жатыр.
Айта кетейік, бұл мектеп осыдан үш жыл бұрын ашылған. Мұнда 500-ден астам бала оқиды. Оқушылардың да көңілі шат. Бірі ән айтып сахна көрігін қыздырса, енді бірі спорттық шараларға қатысып жатыр.
Жәнібек Нұршәріп, мектеп директоры:
- Мектепгі мерекелік шара кешке дейін жалғасады. Оқушылар мен тұрғындар кешке дейін волейбол мен үстел теннисінен сынға түседі. Жалпы, өңірде Ұлыстың Ұлы күніне орай арнайы бағдарлама әзірленген. Шаралар легі 23 наурызға дейін жалғасады.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко
Тегтер #Наурыз мейрамы #Ақмола облысы #Ұлыстың ұлы күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz