Жаңа нысан кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының тәжірибе алаңына айналмақ.
Сондай-ақ осында іскерлік кездесулер ұйымдастырып, ауқымды форумдар мен түрлі бағыттағы көрмелер өткізу де көзделіп отыр. Көпфункционалды кешен техникалық және кәсіптік тәжірибиені шыңдайтын алаңға айналмақ. Бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар осы жерде даярланады. Жалпы Президент әр аймақта «Құзыреттілік» орталықтарын салуды тапсырған. Республикада алғаш болып мұндай нысан Сыр өңірінде ашылып отыр.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
- Орталық бизнес пен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған орталық алаң болады. Бұл жаңа ғимарат кезінде заңсыз сыртқа кеткен активтер есебінен қаржыландырылды. Құны 5 миллиард теңгені құрайды.
Кешенде инновациялық жобалар көрмесі мен өңір тарихынан сыр шертетін залдар қарастырылған. Мұнда студенттер тек білім алып қоймай, ірі бизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнатады.
Асқарбек Есжанов, Білім басқармасының басшысы:
- Қазір TurkSkills,WorldSkills құзыреттілік сайыстарына біз осы жерден облыстың командасын дайындауға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, бұл орталықта біздің жұмысшы мамандар мен шәкірттерді даярлаудан бөлек, үлкен конференциялар, дөңгелек үстелдер мен бас қосулар, жұмысшы мамандықтар мен басқа да осы өңірге қажетті мамандықтардың топтамасын жасай аламыз. Ауыл шаруашылығы салаларында жұмысты қамтамасыз ету үйлестіріледі.
Ғимаратта студентердің кәсіби тәжірибесін шыңдауға қажеттінің бәрі бар. Енді педагогтер мен жастар нарық талабына сай ең жоғары құзыреттіліктерді игереді, - дейді мамандар.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин
Тегтер #Қызылорда #құзыреттілік #орталықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz