«Digital Nauryz» көрмесіне жасөспірімдердың қолынан шыққан 15 интеллектуалды робот қойылды.
Болашақ инженерлер экология, құрылыс, машина құрастыру және өзге де салаларда қолдануға болатын құрылғылардың шағын үлгісін әкелген. Мысалы, 28-ші ІТ мектеп оқушылары құтқарушы құлтемірді құрастырды. Ол техногенді апат аймағынан адамдарды эвакуациялауға арналған. Жоба «Айбын» халықаралық байқауында бірінші орын иеленді.
Нұрасыл Шәріпов, оқушы:
- Біздің роботта ФПВ очки және танковый схема қолданады. Танковый схема арқылы джестик арқылы біз қашықтан басқарып отырамыз. Ал ФПВ очки арқылы біз роботтың көзі ретінде қашықтан көре аламыз. Одан бөлек роботтың ішінде бізде конвейер бар. Сол конвейердің ішіне адамдарды жүктеу арқылы қауіпсіз жерге шығара аламыз.
Маржан Мүлкібаева, ұйымдастырушы:
- Бұл жердегі жобалар жай емес. Көпеген жерде орын алған жобалар. Мысалы, Help деген жоба Astana Hub Digital Қазақстан бойынша полуфиналдан өтті. Енді Шымкентте республикалық деңгейге жолдама алды.
Тегтер #Талдықорған #өнертапқыштар #IT #жобалар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz