Ұлттық спорт күніне орай Атырау облысында ауқымды мерекелік және спорттық шаралар өтіп жатыр. Исатай-Махамбет алаңында ұлттық спорт түрлерінен тартысты бәсекелер басталды.
Алты спорт түрі бойынша 500-ге жуық қатысушы бақ сынайды деп жоспарланған.
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы «Наурызнама» он күндігінің бүгінгі 7-күні ұлттық спортқа арналғаны белгілі. Өңірдің бас алаңында кісі қарасы қалың. 3 мыңға тарта адам жиналды»,- деді шараны ұйымдастырушылар. Қазір санаулы сәттен кейін ұлттық спорт түрлерінен сайыстар басталады. Түске дейін 6 спорт кешенінде қазақша күрес, қой көтеру, арқан тартыс секілді жарыстар өткен. Жалпы соңғы жылдары өңір жастары қазақша күреске ден қоя бастады. Әсіресе Қызылқоға, Индер аудандарының палуандары ел біріншіліктерінде көзге түсіп жүр. Сондай-ақ соңғы кезде қолға алына бастаған ләңгі тебу, асық ату спорты да балалар арасында бұқаралық сипат алып келеді. Жас буынның бойына ептілік пен әбжілдікті қалыптастыратын ұлттық спорттың қай түріне де қызығушылық басым.
Аманжол Сағынғалиев, Спорт басқармасының бөлім басшысы:
- Ұлыстың ұлы күні қарсындағы спорт мерекесіне жиналғандардың бүгінгі көңіл күйі керемет. Олар сайысқа түскендердің маңайына топтасып, ойын көрігін қыздыруда. Әсіресе 32 келі кір тасын асықша атқан алып күш иесі мен бір деммен 200 мәрте ләңгі тепкен шамдағай баланы қошеметтеушілер көп. Мұның өзі ұлттық спорттың бұқаралық сипат алып келе жатқанының айғағы екені даусыз. Спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс тұрғындары спорттың 81 түрі айналысады. Оның 11-і ұлттық спортқа қатысты. Өңірлік даму бағдарламасы аясында облыста 33 спорттың нысан салу жоспарланған еді. Оның 11-і пайдалануға берілді. Спорт кешендері тек аудан орталықтары емес, алыс ауылдарда да бой көтере бастады. Бұл бұйығы жатқан ауыл балаларының қабілетін ашып, шеберліктерін шыңдауда үлкен мектеп екені анық.
Тегтер #ұлттық спорт #мереке #Наурызнама онкүндігі #Атырау
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz