RU
Толық нұсқаға өту

Астанада ұлттық спорт заманауи форматта дәріптелді

20.03.2026, 16:00 48

Астанада жасанды интеллект элементтері енгізілген ұлттық спорт сайысы өтті. Отбасылық командалар ұлттық ойындар мен заманауи технологияларды біріктірген сынақтарда бақ сынады. 

Іс-шара цифрландыру және жасанды интеллект қарсаңында «Наурызнаманың» Ұлттық спорт күніне арналды.

Елордада ұлттық спорт заманауи форматта дәріптелді. Онда садақты виртуалды түрде атуға, ал тоғызқұмалақты онлайн форматта ойнауға болады. «Ұлы дала ойындары» биыл екінші рет өтіп жатыр. Жарысқа 10 команда, 150 қатысушы қатысты. Топ әке, ана және баладан құралған.

Азамат Белгибаев, Астана қаласы Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысы:

- Ұлы дала ойындары үш кезеңнен тұрады. Бірінші, отбасылық эстафета, ұлттық ойындар. Екінші кезең - ЖИ ойындары, үшінші кезең арқан тартыс, ерлер арасында өтті.

Алғашқы кезеңде әр команда мүшелері жеке эстафеталардан өтті. Әкелер садақ ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу бойынша сынға түсті. Аналар бес асық, хан арқан, шалқұймақ эстафетасында бақ сынады. Ал балалар асық ату, «Көкпар Kids», асық табу секілді ойындарға қатысты. Екінші кезеңде жасанды интеллектке негізделген интерактивті жарыстар өтті. Соңында командалар арқан тартыста күш сынасты.

Саябек Нұртазин, қатысушы:

-  Осындай шараға бірінші рет қатысып жатырмыз, өзіммен қызымды алып келдім, қызыммен бірге жарысқа қатысамыз. Жарыс өте қызықты өтеді деген үміттеміз, бәріне сәттілік, бізге жеңіс!

Сайыс көрермендер мен қатысушылар үшін тегін болды. Ерікті отбасылар өтініш тастап, жарысқа қатысты. Қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара цифрландыру және жасанды интеллект жылы қарсаңында өткізілді. Оны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырды.

Асылжан Құрманғали, Досбол Байдильдин.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz