RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде «Robot-көкпар» ойыны өтті

20.03.2026, 16:15 56

Ақтөбеде оқушылар көкпар тартты. Бұл жолы қазанаттың құлағындай ойнап, тақымын қысқан білектілер емес, цифрлық әлемді зерделеп, жасанды интелектті игерген білімді жастар күш сынасты.

Ақылды роботтарға ұлттық спортты үйреткен жеткіншектер көкпар ойынын заманауи технологиялармен ұштастырды.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Қиял-ғажайып фильмдерде көретін роботтар Ақтөбенің алаңында төбе көрсетті. Бірақ бұл жолы олар от шашып, бір бірін қиратып емес, шартты серкені қазандыққа тастауы тиіс. Роботтарды қашықтан басқарылады. Көп салым салған команда жеңімпаз атанады. Заманауи ойын түрін ақтөбелік оқушылар ойлап тапты.

Асмир Нұрмұхамeдов, жарысқа қатысушы:

- Робототехникамен  осы оқу жылының басынан бері айналысамын. Мен үшін те қызық. Бүгін бірінші рет жарысқа қатысып отырмын. Маған жүктелген міндет - тушаны алып, қарсыластар жағына жеткізуім керек. Біздің командада екі адам бар, жеңетінімізге сенімдімін.

«Ұлттық спорт күніне» орай ұйымдастырылып робот-көкпар сайысына 6 команда қатысты. Бірнеше кезеңнен тұратын жарыста төрешілер ойыншылардың жылдамдығы мен ептілігін, командалық стратегияны бағалады.

Гүлдара Ысқақова, Цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы:

- Жалпы бұл ойынның мақсаты - біздің ұлттық ойындарды дамыту, жастар арасында оларды тарату, былайша айтқанда, және де жастардың жаңа технологияға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Робот көкпар ойының балалардың инженерлік ойлау қабілетін, командалық жұмыс дағдыларын және робототехникаға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар дәстүр мен жаңа заман технологияларының үйлесімін көрсетеді. Мұндай жарыс болашақта барлық оқу ордаларында өткізілуі тиіс.

Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz