RU
Толық нұсқаға өту

Е. Қарин: Ата заңды қабылдау – алғашқы кезең ғана

20.03.2026, 17:18 47

Жаңа Конституцияны қабылдау жаңа, заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram-дағы арнасында осылай деп жазды. 

Оның пікірінше, дауыс беру нәтижелері біздің қоғамның Президенттік реформалардың төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін растады. Алайда Ерлан Қарин Ата Заңды қабылдау – алғашқы кезең ғана екенін жеткізіп, алдымызда заңнамалық базаны үйлесімді ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын мәлімдеді. Алғашқы кезеңнің өзінде жаңадан бес конституциялық заңды және шамамен 60 кодекс пен заңды қабылдау қажет. Одан кейін Құрылтай және Қазақстан Халық Кеңесі секілді жаңа институттарды қалыптастыру міндеті тұр. Ал жаңа конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды қоғамдық санада орнықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүреді. Осылайша, Ата Заңның қабылдануымен конституциялық, институционалдық және идеологиялық деңгейлерде жаңа қоғамдық әдептің біртұтас мағыналық негізі қалыптасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz