RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда мұз сарайы қолданысқа берілді

20.03.2026, 17:26 54

Ақтауда мұз сарайы қолданысқа берілді. Заманауи екі қабатты ғимарат халықаралық талаптарға толық жауап береді. Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. 

Қысқы спорттың дамуына серпін беретін жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асты. Зәулім кешен инвестор қаражатына салынды. 

Қанат Маңғұбаев, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы:

- Кеше Жаңаөзен қаласында мұз айдыны ашылды. Мынау енді олимпиадаға сай салынған жалпы ғимарат. Біз мына жерде Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізе аламыз. Одан бөлек, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізе аламыз. 

Ұлықпан Көбесов, меценат:

- Мақсат – балаларды спортқа дайындау. Жергілікті халық конькиді көрсін. Жаппай сырғанауға арналған катоктың көлемі олимпиада талаптарына сай, стандарты 20х56. Екі жыл салынды.

Мұз сарайы Маңғыстауда хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және кёрлинг секілді олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Ақтауға Өскемен, Астана және Қарағандыдан тәжірибелі жаттықтырушылар шақыртылады. 

Ажар Жұбатырова, қала тұрғыны:

- Өте қуаныштымыз. Осы уақытқа дейін балаларымыз сауда ойын-сауық орталығындағы кішкентай мұзда дайындалды. 15 бала ол мұзға сыймайтын еді. Қазір бізге үлкен мүмкіндік берілді. Балаларымыз үлкен халықаралық жарыстарға барады, олар өсті. Нәтижелері жақсы, жаттықтырушыларға мың алғыс!

Көпшілік спортшылардың өнерін тамашалаған соң мұз айдынында жаппай сырғанауға шықты. 

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz