RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда қазақ күресінен турнир басталды

20.03.2026, 17:40 43

Петропавлда қазақ күресінен Қожаберген жырау атындағы дәстүрлі республикалық турнир басталды. Осымен тоғызыншы рет қатарынан ұйымдастырылып жатқан жарысқа 200-ге жуық жасөспірім қатысып жатыр. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қазақ күресінен Қожаберген жыраудың құрметіне арналған кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир Петропавлдағы жаңадан ашылған «Береке» спорт кешенінде өтіп жатыр. Наурызнама аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан 200-ге жуық бала қатысуға ниет білдірген. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Қазір боз кілемде ақтық кезеңге іріктеу белдесулері өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жас саңлақтардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.

Асылхан Болатов, турнирді ұйымдастырушы:

- Кешегі күні бес салмақ дәрежесі белдесіп, ақтық сынның жеңімпаздары анықталды. Бүгінгі күні тағы да 5 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Жарыс Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатыр.

Жарыс қорытындысы бойынша жауырыны жерге тимеген балуандар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар Петропавлда ұлттық спорт күні аясында тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық және садақ атудан шеберлік көрсетілімдері өтті.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz