Алатау қаласын дамыту негізінен жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік қаржы мен квазимемлекеттік сектордың инвестициялары тек мемлекетке немесе квазимемлекеттік ұйымдарға тиесілі салаларды дамыту мақсатына бағытталмақ.
Бұл қатарда көлік, коммуналдық, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бар. Қаражатты тиімді пайдалану бірінші кезекте тұруы тиіс. Бұл туралы сенат депутаты Серік Шайдаров бірлескен отырыста мәлімдеді. Сенатордың сөзінше, «Alatau City» бүкіл өңірдің экономикасын қайта жандандыруға қабілетті қуатты хаб бола алады.
Серік Шайдаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс. Бұл капиталды тарту үшін теңдесі жоқ жағдайлар жасауды, прогрессивті реттеуші режим орнатуды, озық инновациялық шешімдерді енгізуді, өмірдің барлық саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалануды білдіреді деп атап өтті. Осыған байланысты жобаны жүйелі әрі тиімді іске асыруына кедергі келтіруі мүмкін барлық факторларды ескеру қажет. Бұл – аса маңызды міндет.
Тегтер #Алатау қаласы #экожүйе #инвестицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz