Соның шамамен тең жартысына суды үнемдеу технологиясы енгізілген. Бұл — өңірде су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.
Мамандардың айтуына қарағанда, шаруашылықтар суға сұранысы жоғары дақылдардан біртіндеп бас тартып, орнына аз суды қажет ететін дақылдарға көше бастаған.
Серік Байгудинов 20 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. Өткен күзде ол 220 гектар жерге қыша мен зығыр еккен еді. Енді 400 гектар алқапқа жоңышқа өсіруді жоспарлап отыр. Өңірде бау-бақша алқабы да біртіндеп ұлғая бастады. Шаруа биыл 20 гектар жерге қауын-қарбыз екпекші.
Серік Байгудинов, шаруашылықтың атқарушы директоры:
- Биыл енді көктемгі дала жұмысына 400 гектар жер дайын тұр. Жаңбыр жаудырғыш құрылғылары келе жатыр. Оған дейін 400 гектар жоңышқа егіледі. Екі жаңбыр жаудырғыш құрылғы дайын тұр қазір, олар құрылып, тоғы жүргізіліп тұр. Одан бөтендері енді келеді. Олар егіп алғаннан кейін құрылады. Суының бәрі жүргізіліп тұр. Субсидияға келгенде биылғы құрылған екі жаңбыр жаудырғыш құрылғының субсидиясын алып алдық.
Шеңгелді алабындағы 12,5 мың гектар алқап көктемгі дала жұмыстарына дайын. Шаруашылықтар пияз алқабын азайтып, оның орнына егін мен бау-бақша және мал азықтық дақылдарды еге бастады.
Асқар Ибраимов, Қонаев қалалық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Пияздың өту деңгейі азайып жатыр. Қазақстанның нарығы пияз өсімдігімен толықтай қамтылған және сұраныс болмағандықтан, өтпей жатқандықтан шаруалар жүгеріге, бақша дақылдарына көшіп жатыр. Шамамен айтқан кезде 6,5-7 мың гектардай мал азық дақылдары егіледі, одан бөлек, көкөністер, жүгері егіледі. Осы екі аптаның ішінде егіндік жұмыстарды бастап кетеміз.
Алматы облысында биыл қыс қатты болмады. Қар қалың түспегендіктен ылғалдылық өте төмен. Сондықтан шаруалар суды аз қажет ететін дақылдарды егуге көшті.
Еркінбек Дәуітқұлов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- 2026 жылға біздің қойып отырған жоспарымыз дәнді дақылдарды егуге 437,9 мың гектарды қолдану. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға ұлғайып отыр. Биылғы топырақтың құнарлылығын арттыруға байланысты біз дәнді дақылдарды ылғалды аз талап ететін 6,4 мың гектарға көбейтіп отырмыз. Ал ылғалды көп талап ететін күрішті 1,9 мың гектарға азайтып отырмыз.
Мемлекет заманға сай суғару технологиясын енгізген шаруашылықтарға барынша қолдау көрсетіп жатыр. Тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын енгізуге кеткен шығынның 80 пайызын Үкімет қайтарады. Соның 50 пайызы республикалық, қалғаны облыстық қазынадан бөлінеді. Тұқым, жанаржағармай мен тыңайтқыш сатып алуға да мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов
Тегтер #Алматы облысы #егін #ауыл шаруашылығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz