RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өзге ұлт өкілдері интеллектуалды сайысқа қатысты

20.03.2026, 22:01 39

Көкшетауда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өзге ұлт өкілдері интеллектуалды сайыста сынға түсті. 

Олар командаға бөлініп, қазақтың мақал-мәтелдерін айту, салт-дәстүрін көрсету және жасырылған ән-күй мен фильмдерді табудан шеберлік байқасты. 

Бірінші орын алған командаға 4 миллион теңге табысталды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған сайысты жергілікті кәсіпорындардың бірі ұйымдастырды.

Елена Ермишкина, сайысқа қатысушы:

- Біз осы сайысқа екі айдан астам уақыт дайындалдық. Мемлекеттік тілді оқыту курстарына қатыстық. Салт-дәстүрлерді тереңірек зерттеп, көп дүниелер үйрендік. Маған өте қызық болды. Алдағы уақытта осы білімімді жетілдіріп, тағы да тың дүниелер үйренгім келеді.

Досымхан Аралбаев, кәсіпорын директоры:

- Әрбір тоқсан сайын бір конкурс жүргізсек пе деген жоспарымыз бар. Сонымен жылдың аяғына дейін өзге ұлт өкілдерін күнделікті өмірде сөйлесе алатын деңгейге жеткізуіміз керек. Бұл да менің бір азаматтық борышым деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz