Алдағы 15 жылда авиация саласында жаңа мамандықтар пайда болады. Олардың барлығы ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізумен байланысты.
Ерекше мамандықтар қатарында ұшқыштардың психологиялық төзімділігін қамтамасыз ететін киберпсихолог, ЖИ көмегімен әуе қозғалысын жобалаушы, интеллектуалды диспетчерлік жүйелерді әзірлеуші бар. Бұл туралы Алматыда өткен авиация саласы мамандарының жиынында айтылды. Жаңа мамандықтар атласын Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева таныстырды. Бұған дейін құжат сараптамалық талдаудан өтіп, әуе компаниялары мен авиациялық кәсіпорындармен мақұлданған. Бастама Халықаралық авиация ұйымына тиесілі. Жаңа мамандық иелерін Қазақстанның Азаматтық авиация академиясында даярлау жоспарланып отыр.
Қайрат Жақыпов, Азаматтық авиация академиясы ректорының міндетін атқарушы:
- Бұл жай ғана құжат емес, бұл болашаққа бағыт беретін стратегиялық құрал. Атлас қандай мамандықтарды сұранысқа ие болатынын, қандай құзырет қажет екені, барлығы қарастырылатын болады. Бұл – біздің Қазақстанда ғана емес, бұл бүкіл әлемдегі болып жатқан үрдіс.
Тегтер #авиация #жаңа мамандықтар #ЖИ #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz