RU
Толық нұсқаға өту

Таразда бес мың адам жүйелі түрде ұлттық спортпен айналысады

21.03.2026, 10:00 43

Таразда 5 мың адам жүйелі түрде ұлттық спортпен айналысады.

Олардың қатарында 6 жасар баладан 60-тан асқан қарияға дейін бар. Наурызнама аясында өткен «Ұлттық спорт күнінде» спортшылар түрлі жарыстарда бақ сынады. Жалпы қалада мерекеге орай 50-ге жуық спорттық сайыс өтті.

Тараздықтар «Ұлттық спорт күнін» айрықша тойлады. Мерекеге орай ардагерлер арасында жарыстар ұйымдастырылды. Белсенді ұзақ өмір орталығында болған шараға 100-ден аса еңбек ардагері қатысты. Олар спорттың 6 түрінен сынға түсті. Қариялар жастардан қалмай ләңгі теуіп, асық атты. Үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақта бақ сынады.

Асан Үсенбайұлы, Жібек жолы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Бұл тоғызқұмалақ арқылы адам екі жағын дамытады. Әсіресе жасы келген кісілердің ойлау қабілеті дұрыс болу үшін оның пайдасы өте зор. Сондықтан да біз өзіміз осыны үйрене жүріп СКЛ қызығушылық болды. қазір немерелерімізге үйретеміз. Себебі бұл келешек жастарға көп пайдасы бар. 

Ал Құмшағал тұрғын алабында оқушылар асық ату мен тоғызқұмалақтан өзара мықтыны анықтады. Ауқымды жарыстың бірі «Тараз-Арена» спорт сарайында өтті. Спартакиадада 14-пен 35 жас аралығындағы тұрғындардан тұратын 10 команда бақ сынады. Қатысушылар асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, садақ ату сынды спорт түрлерінде шеберлік байқасты. 

Мақсат Нареш, "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу" орталығының басшысы:

- Тараз қаласында 500 ден астам спорт нысаны ел игілігі үшін қызмет етеді. Ол жақта бізде 66 спорт түрі қамтылған. Соның 11 спорт түріміз осы ұлттық спорт түріне арналған. Ол жақта бізде 5 мыңнан астам спортшыларымыз  дәріс алады, шұғылданады.

Жалпы мерекеге орай облыс көлемінде 117 спорттық шара өтеді. Оған 9 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz