Ер түріктің бесігі саналатын Түркістан шаһарында Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр.
Ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүріміз салтанат құруда. Одан бөлек, кең ауқымда ұлттық тағамдар фестивалі де өтіп жатыр. Осы өңірдегі тілшіміз Жандос Жұмабек бізбен тікелей байланыста. Наурыз мерекесі мен ұлттық тағамдар фестивалі қалай өтіп жатыр?
Жандос Жұмабек, тілші:
- Биыл Ұлыстың ұлы күні - әз наурыз мерекесін Түркістандықтар алғаш рет жақында ғана пайдалануға берілген жаңа атшабар аумағында атап өтіп жатыр. Бүгін ауа райы тамылжып, көктем мерекесінің шырайын кіргізіп тұр. Халықтың да көңіл күйі тамаша. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылып жатыр.
Одан бөлек қаладағы дәмханалар қатысқан Гастрофест байқауы өтіп жатыр. Мақсат - Түркістан тағамдарын насихаттау. Рухани шаһарға қыдырып келген қонақтар мен туристер мұнда қандай ас мәзірі дайындалатынын көрсету. Мұндай шаралар туризмі дамыған елдерге таңсық емес. Ал Түркістан үшін маңызды. Сондықтан аспаздар бар өнерін көрсетіп қалуға тырысты. Ұлттық тағамдардың брендін қалыптастыруға арналған ауқымды аспаздық жоба - туристердің де қызығушылығын тудырды. Мұнда гастрофест қонақтарына ұлттық, жергілікті және көше тағамдарын ұсынылды. Түрлі десерттер мен сусындар дайындалды. Туристер ұлттық тағамдардан дәм татып, бағасын берді.
Венгриядан келген турист:
- Мен Қазақстанға, оның ішінде Түркістан қаласына бірінше рет келіп тұрмын. Нарыз мерекесін рухани шахарда қарсы алып жатқаныма өте қуаныштымын. Маған қазақтың ұлттық тағамдары өте ұнады. Бауырсақ, ет, қазыдан дәм таттым. Әсіресе наурыз көже ұнады. Дәмі қышқылтым, сусын ретінде де ішуге болады екен. Бұйырса, тағы да келемін.
Одан бөлек наурыз мейрамы аясында түркі тілдес халықтардың қолөнер шеберлері жасаған түрлі ұлттық бұйымдар мен қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі ұйымдастырылды. Әжелер ұмыт бола бастаған жіп иіріп, жүн түту, келі түйіп, талқан тарту сияқты салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртты.
Тойдық Досқожаева, қала тұрғыны:
- Аналар, әжелер бізідң қазақтың құндылықтарын дәріптеп, салт-түрін жастардың саныа енгізіп, ата-бабаларымыздың, бұрғынғы қасиетті аналарымыздың жасап кеткен құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа қалу үшін біз осы істерді іс жүзінде, тәжірибе жүзінде айтып жүрмыз аналар.
Жандос Жұмабек тілші:
- Наурыз - бүкіл шығыс халықтарына ортақ мереке болғандықтан Түркістандағы той түркі халықтарына, түркі дүниесіне лайықталып жасалды. Қазақша күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру, асық ату, тоғыз құмалақ сияқты ұлттық ойындар наурыз-думанның ажарын ашып, салтанатына сән берді. Жаңа атшабарда ұйымдастырылған Наурыз мейрамына он мыңға жуық адам қатысты.
Тегтер #Наурыз мерекесі #24KZ #ТүркістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz