RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандылықтар Наурыз мерекесін тойлап жатыр

21.03.2026, 14:00 39

Қарағандыда Наурыз мейрамында ұлттық дәстүр мен заманауи сандық технологиялар әдемі үйлесім тапқан.

Мереке алаңында қазақтың бай мәдениеті салтанат қүрған.  Киіз үйлер тігіліп, жұртшылық  ұлттық тағамдардан, Наурыз көжеден  дәм татып, мерекелік концертті, ұлттық спорт түрлері бойынша жарысты тамашалап жатыр.

Руслан Нұрланұлы, тілші

- Бүгін Қарағандыда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтіп жатыр. Мыңдаған адам бүгін орталық саябақтағы  шараны көруге жиналды. Наурыз алаңына кіреберісте жыл иесі жылқының және түйелі керуеннің мүсінін көруге болады. Ал саябақтың қос қанатында киіз үйлі этноауыл орналасқан. Оладың әрқайсысында көшпелі дәстүр мен қонақжайлылық жаңғырып тұр. Биылғы Наурызнамада ұлттық дәстүр мен заманауи сандық технология ерекше үйлесім тапқан. Жасанды интеллект пен цифрлық мүмкіндіктер арқылы ұлттық қазынамызды, материалдық емес  құндылықтарымызды жаңа форматта насихаттауға басымдық берілген. Менің жанымда белгілі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай тұр. Бүгінгі Наурыз тойының өзіңіз байқаған  ерекшеліктері туралы айтып берсеңіз?

Меруеш Башай, әнші, ҚР мәдениет қайраткері

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Саябақ төріндегі үлкен шатыр мерекенің басты орталығына айналған. Мұнда екі күн бойы концерттік бағдарлама өтеді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылған. Бұған қоса жасанды интеллект саласындағы жобалар көпшілік назарына ұсынылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz