RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыстың ұлы күнін тойлауға Тараздағы алаңға 6 мың адам жиналды

21.03.2026, 14:15 40

Ұлыстың ұлы күнін тойлау үшін Тараздың орталық алаңына 6 мыңға жуық адам жиналды.

Бірнеше сағат бұрын басталған концерттік бағдарлама, спорттық шараға ұласып әлі де жалғасып жатыр. Әз-Наурыз мерекесінде ұлттық дәстүр де дәріптелуде. Төле би көшесінің бойына 15 киіз үй тігіліп, ауласында тұрғындардың қатысуымен ұлттық ойындар өткізілуде. Жамбылдағы жұрт мерекені қалай қарсы алып жатыр?

Мерей Бает, тілші:

- Тараздағы концерттік бағдарлама 11-лер шамасында 600 адамның қатысуымен қойылған «Жаңа күн» атты театрландырылған көрініспен басталды. Қойлымның мәні бір шаңырақ астындағы түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен татулығын дәріптейді. Көріністе көктем мерекесі келісімен олар біріге ауласын тазалап, бауырсақ пісіріп ел жұртқа ұсынады. Қойылымда бабаларымыздың Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алғанын байқауға болады. Жалпы Таразда жыл санап Наурызды тойлаушылар саны артып жатқандай. Оны таңертеңмен орталық алаңға ағылған тұрғындар легінен байқауға болады. Бәрі ұлттық нақыштағы киімін киіп, көтеріңкі көңіл күйде жүр. Солардың бірнешеуінен пікірін жазып алған едік. Тыңдайық. 

- Немерелерімді осы қазақи дәстүрді көріп тамашалап болашақтарында осыны үлгі етсе екен деген ниетпен келіп тамашалап жатырмыз. 

- Қазақи үйлердің өзі құрылысы тігілісі өте ерекше. Әр үй өзінше безендірілген. Батырлар үйі бір жерде қыз жасауы бір жерде тұсаукесер бір жерде жаңағы аңшылардың үйі болып жатыр. Енді бұл қуанарлық жағдай. 

- Мен өзім де осы қазақи киімді дәріптеу үшін осы халықтың жиналған жері наурыз мерекесін тойлауға келдім. Ұлттық киімімді осы іс шараға байланысты киіп келдім. Әрбір қазақ осылай киінсін.

Төле Би көшесінің бойына қазақы салт-дәстүрге негізделген 15 киіз үй тігілді. Ерекшелігі – олардың әрқайсысына атау беріліп, соған қарай түрлі жәдігерлер қойылған. Мысалы, бірінде ұлттық аспаптар қойылса, енді бірінде қыз жасауы топтастырылған. Айта кетерлігі әр қара үйдің     жанында өнер ұжымдары шағын концерттік бағдарлама қойып жатыр. Мерекеде ұлттық спорт түрлері де ұлықталып жатыр. Жанымыздағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында толықтай ұлттық спорт түрерінен жарыстар ұйымдастырлыған. Садақ ату, арқан тарту, асық ату, қол күрес пен тоғызқұмалақтан тұрғындар арасында жарыстар өтуде. Мереке кешке дейін жалғаспақ. Орталық алаңда эстрада әртістерінң қатсуымен гала концерт ұйымдастырылады. Жамбылдағы наурыз тойы осылай өтіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz