Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Жуырда Қожа Ахмет Яссауи орденін беру жөніндегі Жарлыққа қол қойылады. Бұл туралы Президент бүгін Түркістандағы жиында мәлім етті. Өлкедегі Ұлыстың ұлы күні қалай өтуде?
Құралай Жұмахан, тілші:
- Бүгін Мемлекет басшысы Тұран даласына арнайы келіп, әз-Наурызды жергілікті халықпен бірге қарсы алды. Алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесеніне барып тағзым жасады. Содан кейін өңірге еңбені сіңген азаматтардың ерен еңбегін атап өтіп, мемлекеттік награда табыстады.
Ербол Көкенов, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты
Құралай Жұмахан, тілші:
- Мамыр айының ортасында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының аясындағы тиісті мемлекеттер басшыларының ең жоғары деңгейдегі жиыны жоспарланып отырғанын айтты. Кешкі Жаңалықтарда толығырақ баяндаймыз. Әлия, сөз кезегі өздеріңізде.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Түркістан облысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz