Қызылордадағы «Береке бастауы – әз Наурыз» шарасында «Цифрлы киіз үй» тігілді.
Бұл жерде жергілікті жастардың ойлап тапқан «ақылды» технологиялары жұртшылық назарына ұсынылды. Этноауылда қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-жоралғысы түгел көрініс тапқан. Ұлттық тағамдарды дайындау процесі мен қолөнер бұйымдарының жасалу әдісі де жұртшылыққа таныстырылды. Ал «Руханият» ауылында қолөнер көрмесі, сурет галереясы мен ақындар айтысы ұйымдастырылған. Тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырған – «Цифрлы киіз үй» болды. Мұнда Сыр жастары әзірлеген заманауи жобалар ұсынылды. Әсіресе түрлі салада қолдануға болатын роботтар көрермен назарын аударды.Осындай жобаның бірі - “Көмек 109” деп аталады. Жасанды интелектке негізделген бұл қызмет түрі полиция, жедел жәрдем, төтенше жағдай, тіпті коммуналдық қызметтің жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, дейді мамандар.
Бағлан Терлікбаев, жедел әрекет ету орталығының директоры:
- «Көмек 109» жобасы бойынша бізде жасанды интеллект енгізуге байланысты, мысалы, әр қызметке байланысты авариялық жағдай болған кезде қай қызметке жауапты немесе қай жерде ошағы бар деген сияқты жасанды интеллект өзі анықтап береді де автоматты түрде сол мекенжайды «красная зона» дейді, қызыл аймақ ретінде көрсетіп сол қызметті жұмылдыруға мүмкіндік болады. Бұрын біз мекенжай сұраймыз, қалай болып жатыр, не жағдай болып жатыр деген кезде біз енді өрт пе, өрт, сұрап алғаннан кейін барып анықтайтынбыз. Енді жасанды интеллектті пайдаланған кезде бізде уақыт үнемдеуге мүмкіндік болады.
Тегтер #цифрландыру #жасанды интеллект жылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz