RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық нақыш пен заманауи формат үйлескен Наурыз тойы

21.03.2026, 19:44 47

«Digital Nauryz». Иә, биылғы Наурыз ел бойынша цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кең қолданумен ерекшеленіп отыр. 

Оған дәлел киіз үйлердегі виртуалды кеңістік. Асық ойнап, садақ ату үшін VR-көзілдірігін кисеңіз болды. Ал Наурызбай есімді жасанды интеллект иесі келушілерді мейрамның тарихымен таныстырады.

Жанат Маусымбаев, «Астана Innovations» АҚ Стратегиялық даму және инновациялар департаментінің жобалық үйлестірушісі:

- Жасанды интеллект аватарлары қаланың тұрғындарына Наурыз мейрамының бағдарламасын түсіндіреді. Қаланың 6 локациясында осындай диджитал киіз үйлер орналасқан.

Наурыз – қашан да бірлік пен берекенің символы. Тұрғындар дәстүрлі ән мен күй тыңдап, өнер ұжымдарының сахналық қойылымдарын тамашалады. Ұлттық тағамдар мен қолөнер жәрмеңкесі де мерекеге көрік берді.

Айбын Айдынұлы, Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат бөлімі басшысы:

- Астана қаласының Алматы ауданында Наурыз мерекесін тойлауға негізгі үш локация бар. Соның бірі – Момышұлы 1 мекенжайы. Екіншісі – «Жерұйық» саябағы. Үшіншісі – Железнодорожный тұрғын үй алабы «Маясовкий» саябағында орналасқан. Концерттік бағдарлама аясында эстрадалық жұлдыздарымыз, театрлардың ұжымдары, ансамбльдер қатысып, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар интерактивті ойындарға көбірек көңіл бөлінді.

«Биылғы Наурыз мейрамын заманауи, цифрлық форматта өткізу идеясы 2026 жылды елімізде «Жасанды интеллект жылы деп жариялаумен тығыз байланысты», - дейді ұйымдастырушылар.

Авторы: Рухани Әбдірахман

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz