Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады. Мерекелік бағдарлама «Керуен сарай» кешенінің аумағында өтіп, жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездірді.
Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады. Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен хореграфиялық қойылымдар көрсетілді. Концертке танымал мәдениет қайраткерлері, қазақ эстрадасы мен классикалық өнер жұлдыздары, ұлттық ансамбль мен би ұжымдары қатысты.
Тегтер #Тоқаев #концерт #Ұлыстың ұлы күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz