Гастрофестивальға қаладағы 30-ға жуық мейрамхана мен дәмхана қатысып, түрлі аз-мәзірін ұсынды. Мақсат – Түркістан тағамдарын насихаттау.
Рухани шаһарға қыдырып келген қонақтар мен туристерге қандай тағам түрлері дайындалатынын көрсету. Мұндай шаралар туризмі дамыған елдерге таңсық емес. Ал, Түркістан үшін маңызды. Сондықтан аспаздар бар өнерін салып, ұмыт болса бастаған ас-ауқат түрлерін де көрсетуге тырысты.
Ұлттық тағамдардың брендін қалыптастыруға арналған ауқымды жоба - туристердің де қызығушылығын тудырды. Мұнда қала қонақтарына ұлттық, жергілікті және көше тағамдарын ұсынылды. Түрлі десерттер мен сусындар дайындалды. Туристер ұлттық тағамдардан дәм татып, бағасын берді.
Штоут Орво, турист:
- Мен де наурыз көжені бүгін бірінші рет іштім. Маған ерекше ұнады. Бүгін біз қазақ халқының бай ас-мәзірімен танысып, қалай жасалатынын көрдік. Қымыз ішіп, шұбаттың да дәмін таттық.
Сурен Алтан Тсетсег, турист:
- Қазақ пен монғолдың ұлттық тағамдары бір-біріне ұқсас келеді. Көбіне ет пен сүттен жасалады. Әсіресе жас малдың етінен бұқтырып жасаған сірне, қарын бөртпе, езілген құртқа сары май қосып, қоюлағанша араластырып жасайтын үрпер тағамы өте дәмді.
Илияс Тұрнияз, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары:
- Көптеген киіз үй тігіліп, тұрғындарға бауырсақ, ұлттық тағамдар ұсынылып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін көріністер орын алып отыр. Тұрғындардың көңіл күйлері жақсы, наурыз осылай кең көлемде тойланып жатыр.
Тегтер #Түркістан #Ұлыстың ұлы күні #тағамдар #ГастрофестивальPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz