RU
Толық нұсқаға өту

Qarmet компаниясы бес қалада киіз үй тікті

21.03.2026, 22:14 50

Қарағанды облысында Наурыз мерекесі барлық қалалар мен аудандарда кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. 

Халық көктемгі жаңару мен бірліктің ерекше атмосферасына бөленді. Qarmet компаниясы мерекелік іс-шараларды қолдап, өңірдің алты қаласында жайлы киіз үйлер тікті. Мұнда тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды. 

Осындай жайлы, әсем безендірілген киіз үйлерді Qarmet компаниясы Абай, Шахтинск, Қарағанды, Саран және Теміртау қалаларында тігіпті. Әр киіз үйде қонақтарға наурыз көже, шұбат, қымыз және бауырсақ сынды ұлттық тағамдар ұсынылды. Ал өнерпаздар халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Қарағанды облысында мерекелік іс-шаралар 23 наурызға дейін жалғасады.  Наурызнама онкүндігі аясында мыңнан астам шара қамтылған. Мереке күндерін жоғары деңгейде өткізуге Qarmet компаниясы да ерекше көңіл бөлді. 

Qarmet компаниясының өңірдегі кәсіпорындарында 35 мың адам еңбек етеді. Шахталар мен зауыттарда мерекеге орай концерттер, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Осындай жарқын сәттер ұжымның бірлігі мен ынтымағын бекемдей түсіп, ортақ мақсатқа деген сенімді күшейтеді. 

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz