RU
Толық нұсқаға өту
фото: polisia.kz

Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

22.03.2026, 08:00 54

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында елімізде “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды 24KZPolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, олардың алдын алу, сондай-ақ әуе және теміржол көлігі нысандарында шетел азаматтарының болу қағидаларының сақтауын бақылау. Өткізілген жедел-профилактикалық іс-шара аясында көліктегі полиция қызметкерлері елде болу тәртібін бұзудың 101 дерегін анықтады. Оның ішінде 88-і — ТМД елдерінің азаматтары, 13-і — алыс шетел азаматтары.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған кезде заң бұзушылықтарға жол берген 31 Қазақстан Республикасының азаматы жауапкершілікке тартылды.

КПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат Шәріпбаевтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды тиімді анықтауға және олардың жолын кесуге, сондай-ақ халықтың құқықтық тәртібін арттыруға мүмкіндік береді.


Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz