Наурыз мейрамын Елордада кеңінен атап өтіп жатыр. Астанада жүздеген көрерменді жинаған дрондар шоуы өтті. Кешкі аспан жарқырап кеткендей әсер қалдырды.
Биікте рет-ретімен тізілген ұшу құрылғылары ұлттық нақыштағы анимациялық композицияларды бейнеледі. Әрбір кескін жарық эффектілерімен сүйемелденіп, келушілерге шынайы мерекелік атмосфера сыйлады.
Қала тұрғындары мен қонақтары қойылымды қызығушылықпен тамашалап, жарқын сәттерді камераға түсірді. Көпшілік мұндай заманауи форматтың дәстүрлі мерекені одан әрі әсерлі әрі есте қаларлық ететінін атап өтті. Айта кетейік, "Наурызнама" онкүндігі аясында елордада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды: концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер мен шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Биыл басты назар жасанды интеллект технологияларына аударылған. Digital Наурыз дәстүрлі құндылықтарды заманауи цифрлық шешімдермен ұштастыруға бағытталған.
Тегтер #дрондар шоуы #Астана #Наурыз мейрамыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz