Ақтау тұрғындары таңсәріден бері теңіз жағалауына жиналып жатыр. Ұлттық киім киген көпшілік санаулы минуттардан соң мерекелік шеруге қатысады.
Былтыр дәл осы күні Каспий жағасында өткен ауқымды мәдени шара «Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы» номинациясы бойынша Гиннесс рекордтар кітабына тіркелген болатын.
Талғат Исламұлы, тілші:
- Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиылған халықтың қауіпсіздігі үшін теңіз жағасындағы көлік жолы уақытша жабылды. Бұл аумақта тек кезекші автобустар кіргізіледі. «Наурыз» деген белгісі бар қоғамдық көліктер 15 шағын аудандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан бастап «Амфитеатр» алаңына дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды. Мерекелік шеруден кейін осы жерде мәдени-спорттық шаралар кешке дейін жалғасады. Ал ертең 23 наурызда Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциялары аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылады. Таңғы сағат тоғызда басталатын тазалық шарасына тұрғындарды қатысуға шақырамыз. Айтар ақпарым осы.
Тегтер #Каспий жағалауы #Наурыз мейрамы #Ақтау #мерекелік шеруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz