Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі Талдықорғанда да кең көлемде тойланып жатыр. Қаланың орталық алаңы мен Жастар саябағында және шеткері жатқан ықшам аудандарында мерекелік шаралар ұйымдастырылған.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Талдықорғанда Әз-Наурыз мерекесі Дінмұхамед Қонаев көшесінен бастап Жастар саябағына дейінгі аралықта өтіп жатыр. Ат шаптырым аумақта 21 ақшаңқан киіз үй тігілді.
Әрқайсысына ұлт мақтанышына айналған тау тұлғалардың есімі берілген. Ал мына үш қазақ үй «Ата заң - ауылы» деп аталады. Мұнда өңіріміздің мәдениет, білім, ғылым және инновациялық жетістіктері көпшілік назарына ұсынылып отыр.Технология көмегімен сан ғасырлық тарихымыз, бай өркениетіміз көрсетіледі.
Сонымен қатар мынандай заманауи роботтар паш етілді. Ол туралы жайлы Жәнібек Баймулдин айтып береді. Жәнібек Серікұлы қазір қай салаға инновациялық технология енгізіп жатырсыздар.
Жәнібек Баймулдинов, облыстық Цифрлық технологиялар басқармасы ақпараттық технологиялар орталығының директоры:
- Мына ту тұғырдың түбінде жас суретшілердің картиналары қойылған көрме ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері мен құсбегілер де салт-дәстүрімізді дәріптеуге үлес қосып жатыр. Ал, саябақта құрыш білекті жігіттер гір көтеру, қол күрес, садақ ату, арқан тартыс сынды ұлттық спорттан сынға түседі. Апайтөс балуандар «Талдықорған барысы» турнирінің жеңімпазын анықтайды.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
Ұлық мейрамның басталуына санаулы минуттар қалды. Оны тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Көпшілік үшін ән мен биден шашу шашылып, мерекелік тағам «Наурыз көше» беріліп жатыр.
Күн мен түн теңеліп, табиғаттың жаңаруына баланған ұлық мереке өкпе ренішті кешіріп, бата беріліп, ақ тілектер ақтарылатындығымен құнды. Сондықтан бізде әр шаңыраққа шаттық, халқымыз үшін «Ұлыс оң, ақ мол болсын» деген тілекпен тікелей эфирді тәмәмдаймыз.
Тегтер #Наурыз мейрамы #Талдықорған #мерекелік шараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz