Қостанайдағы смарт-орталығында Наурыз мейрамы тойланды. Салт-дәстүрге негізделген қазақы киіз үй, дастархан мәзірі, әдет-ғұрып рәсімі көрсетіліп, ән-күйден шашу шашылды.
Бір қарағанда әдеттегі бағдарлама көрінгенімен ерекшелігі бар. Смарт-орталықтағы мерекелік шарада мәдени мұра мен замануи технология ұштасып жатты. Бұл жерде асық ойыны мен садақ ату жарысында балалар дайындаған роботтар сынға түсті. Жиналған жұртты жасанды интеллект құрастырған Қыдыр ата құттықтап, жігіт, қыз бейнесіндегі құлтемірлер концерт жүргізді. Жалпы «І-Қостанай» орталығында мыңнан аса бала төрт ғылыми-техникалық бағыт бойынша тегін білім алады.
Айбар Қайыржанұлы, Смарт-орталығының қосымша білім беру мұғалімі:
- Биылғы жылғы біздің Наурыз мерекеміз цифрлық призма арқылы өтті. Наурыз диджитал квест жобасын ұйымдастырдық. Онда негізі нейрондық байланыс, ата-баба даналығымен және жасанды интеллект арасындағы байланыс болды. Балалар жай ғана кезеңдерді өтіп қоймай, өздерінің бар білгендерін баяғы ата-бабалардан қалған құндылықтарды дәріптеп, қазіргі таңда жасанды интеллектімен байланыстырып отыр.
Тегтер #жасанды интеллект #Наурыз мейрамы #ҚостанайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz