RU
Толық нұсқаға өту

Абай елі Әз-Наурызды тойлап жатыр

22.03.2026, 11:30 41

Абай өңірінде Ұлыстың ұлы күні сән-салтанатымен аталып өтуде. Ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, тұрғындар мен қала қонақтарына мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылған. 

Айта кеткен жөн, өңірде 300-ге жуық киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар, көрмелер және театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылған. 

Рүстем Қайратұлы, тілші:

- Қазір біз Семей қаласының орталық алаңында тұрмыз. Мұнда мерекелік думан қыза түскен. Қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі, барлығы бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, жаңа жылды қуанышпен қарсы алуда. Алаңға жиналған жұртшылық қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалап жатыр. Сонымен қатар ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар бақтарын сынауда. Сондай ақ қыз ұзату, баланы бесікке салу, қырқынан шығару секілді ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлер сахналық көрініс арқылы жаңғыртылып, көрермен назарына ұсынылуда.

Жанжігіт Омархан, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

- Қазір орталық алаңда мерекелік көңіл-күй ерекше сезіледі. Тұрғындар бір-бірімен көрісіп, Наурыздың шынайы атмосферасын сезінуде. Бұл береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы болған Ұлыстың ұлы күнінің мән-маңызын айқын көрсетеді. Айта кетейін, мерекелік шаралар Абай облысының барлық аудан-қалаларында кең көлемде жалғасып жатыр. Жалпы өңір бойынша 300-ге жуық киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүр мен мәдениет кеңінен насихатталуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz