Ұлытау жұрты да Әз-Наурыз мейрамын барша сән-салтанатымен қарсы алды.
Жезқазғанның орталық көшесіне жиырмаға жуық киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүр ұлықталды. Жергілікті өнерпаздар мен елге танымал әншілер ауқымды концерттік бағдарлама ұсынды.
Жезқазғанда Ұлыстың ұлы күнінде бұлжымайтын дәстүр бар. Жыл сайын ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Биыл бұл дәстүр жасанды интеллектпен сабақтасты. Яғни көнеден жалғасып келе жатқан салт-дәстүр жаңа форматта насихатталды. Жалпы Наурызнама онкүндігі аясында өңірде 400-ден астам мерекелік іс-шара өтті.
Дастан Рыспеков, облыс әкімі:
- Бүгінде облысымыз жаңару мен өркентеу жолына нық қадам басып отыр. Алдымызда ауқымды міндеттер мен биік мақсаттар тұр. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мығым, тірлігіміз берекелі болса бағындырмайтын белес, алынбайтын асу жоқ. Осынау жарқын мереке әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, толағай табыс және құт-береке әкелсін.
Этноауылға тігілген киіз үйлердің арасынан үздіктері анықталды. Олардың қатарында жезқазғандық металлургтер тіккен қазақы үй мен Digital Nauryz экспозициясы ерекше қызығушылық тудырды. Түрлі роботтар мен электромобиль көпшілік назарына ұсынылды. Киіз үйлерде дастархан жайылып, тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
Жанұзақ Кенбаев, Жезқазған қаласының тұрғыны:
- Биыл ерекше, мен де жаңа қарап келе жатрмын барлығын. Өте сондай халық сабырлы әдемі көңіл-күймен. Күн де жарқырап тұр. Қандай тамаша. Адамның көңіл-күйі, осының бәрі жарқырап тұрғанда жақсы болады. Жаңа жыл жақсы жаңалығымен келсін. Сол жаңалыққа біз тоймай, қызықтауға нәсіп етсін халқымызды.
Білекті де жүректі жігіттер қол күресі, арқан тарту секілді ұлттық ойындардан сайысқа түсті. Мерекелік шара жергілікті өнерпаздар мен танымал әншілер қатысқан концертпен түйінделді.
Елдос Кәкенов, Нұрлан Исмаилов
Тегтер #жасанды интеллект жылы #Ұлытау #Наурызнама онкүндігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz