Теміртау қаласында Наурыз тойына орай мерекелік шеру болды.
Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық киімдегі өнерпаздар, металлургтер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қаланың басты даңғылымен жүріп өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға Qarmet компаниясы ерекше үлес қосты. Компания 21-22 наурыз күндері Қарағанды облысының бес қаласында өткен мерекелік іс-шараларға қолдау көрсетті.
Қыдыр ата бастаған ұлттық киім киген екі мыңнан астам адам қаланың басты даңғылымен жүріп өтіп, металлургтер алаңындағы көпке қосылды. Мұнда Qarmet компаниясы әсем безендірілген киіз үйлер тіккен. Осындай жайлы, ақшаңқан үйлерді Абай, Шахтинск, Қарағанды, Саран қалаларында да орнатқан. Халыққа наурыз көже, шұбат, қымыз және бауырсақ сынды ұлттық тағамдар ұсынылды. Ал өнерпаздар халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
БЛИЦ
- Ата-бабамыздан келе жатқан Наурыз мерекесі. Бұл тойды тойламайтын адам жоқ. Жастар да, барлығы да қазір Наурыз меркесін жақсы қарсы алып жатыр. Біздер сол балаларымыздың осылай болып жүргеніне қуанамыз.
- Жылдан жылға мерекенің аталып өту ауқымы кеңейіп келе жатыр. Бізге ұнап жатыр. Ұлыстың ұлы күні мерекесі барша қазаққа құтты болсын! Елімізде ырыс, береке, әрқашанда той болсын!
Qarmet металлургиялық комбинатында 110 этнос өкілі, шамамен 14 мың адам еңбек етеді. Бүгін олар Наурызды бірге қарсы алып, көктемгі мереке жылуын бөлісті.
Әлішер Жақыпбеков, құрметті металлург:
- Біздің Наурыз мейрамының қандай күштілігін, қандай халықтың ынтымағын көрсетіп жатқанымызға халқыма рахмет айтамын. Еңбек жасап жатыр адамдар, халық көбейіп жатыр.
Ұлыстың ұлы күніне арналған шарада ұлттық спорт түрлерінен жарыстар да өтіп, күні бойы сахнада шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Мереке соңы кешке отшашумен аяқталды.
Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит
Тегтер #Наурызнама онкүндігі #Теміртау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz