Түнде Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, пәтер өртенді.
Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 5 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан.
Тұрғындарға вахталық автокөлігін пайдалану арқылы жылыту ұйымдастырылды. Сондай-ақ жылыту пункті ашылды.
Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде 5-еуі - полиция қызметкерлері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт сөндірілді. «Арнайы штаб құрылып, тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Тегтер #газ баллон #Шахтинск #құтқарушы #Қарағанды облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz