RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда 40 тонна қоқыс жиналды

23.03.2026, 14:30 41

Атырауда облыс орталығы мен қалаға іргелес елді мекендерден 40 тоннадан астам қоқыс жиналды. Акция Жайық өзенінің қос жағалауы мен «Ақ Жайық» табиғи резерватының аумағын қамтыды. 

Оған мыңнан астам қала тұрғыны мен арнаулы төрт техника жұмылдырылды. Олар 3 шақырымнан астам Жайық бойын қоқыстан тазартып, өзен маңындағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосты. «Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру», - дейді ұйымдастырушылар.

Ерболат Омаров, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- 10 күндік «Наурызнама» аясында бүгін сенбілік ұйымдастырылып, жағалау тазартылуда. Осы шаралар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылуда. Мұндай сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын тауып, осы белсенділермен және тұрғындар арасында өткізілетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz