Жалынды жастар бас қосатын бірегей алаңға айналған «Азамат» бағдарламасының түсіріліміне санаулы күндер қалды.
Бүгінде еліміздің әр өңірінен сайдың тасындай іріктелген студенттер елордаға жиылды. Ұзақ үзілістен соң көрерменмен қайта қауышқан теледебат «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Жобаның жаңа маусымына қатысуға 700 жас өтішін білдірген. Соның 64-і биылғы додада бақ сынайды. Осылайша, сөзі жүйелі, ойлары өтімді жастар қоғамдағы өткір мәселелерге өзіндік үн қосады. Ұйымдастырушылар пікірсайыс биыл да тартысты бола түсетініне сенімді. Ал түсірілім 25 наурызда басталады.
Индира Артықбай, жоба қатысушысы:
- Бірінші маусым маған бірнеше жылға керекті азықты берді деп ойлаймын. Өйткені қаншама дарынды, мемлекеттік істе, саясатта жүрген мамандар кездесу, оларды көру, сұрағыңды қою, мемлекетке, саясатқа байланысты ойыңды қарқынды дамытуға жаңа ұмтылыс берді. Биыл да қалыс қалмай, қолымнан келгенше жеңіске дейін жетуге тырысамын.
Балжан Дәулет, жоба үйлестірушісі:
- Біздің ұйымдастырушы тараптан оларға қолдаушы ретінде жеке бағдарламада айтатын кейстары бойынша көмек көрсететін 8 топқа 8 ментор жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар ертең тағы да шеберлік сабақтары өтеді.
Тегтер #азамат #бағдарлама #дайындық #жастарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz