Жыл басы Наурыз мейрамы Алматыдағы Aport Mall West-те әдеттегідей көпшілікке арналды.
Еліміздегі ең ірі Mall қонақтар үшін қызықты ұлттық ойындар, көңілді концерт, пайдалы шеберлік сабақтарын ұсынды. Келушілер тиімді сауда жасап, ұтыс ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.
Aport Mall West-те мерекелік шаралар көктемнің алғашқы күндерінен-ақ басталып кеткен еді. Думанды бағдарлама енді міне, Наурызға ұласты. Ұлыстың ұлы күні MALL-ға келген қонақтар әуелі бауырсақтан дәм татты. Мерекелік бағдарлама 25 наурызға дейін жалғасады.
Рахман Илямов, Aport Mall West маркетинг бойынша директордың орынбасары:
- Қонақтарымызды көктем мерекесін APORT MALL-да атап өтуге шақырамыз. Біз өте қызықты бағдарлама әзірледік. Балалар сабынды шоу мен аниматорлардың ойынын тамашалап, аруларымыз бьюти-аймақта кәсіби визажистер мен шаш стилистерінен сұлулықтың қыр сырын үйренді. Би және вокал мектептерінің шәкірттері өнер көрсетті.
Жаңару мерекесінен естелік суретке түсу үшін бірнеше фотоаймақтар ұсынылған. Сонымен қатар келушілер білек күшін сынап, қол күрестірді. Ал балалар асық ойнап, мергендіктерін ортаға салды. Тіпті ауылды еске түсіріп, жарыса ләңгі тепті.
Aport mall-да он мыңнан жоғары сауда жасаған қонақтар ұтысқа қатысып, жаңа автокөліктің иегері атануға мүмкіндігі бар. Ұтыс ойыны екі Aport моллда өткізіледі, яғни жеңіске жету мүмкіндігі екі есе көп. Жеңімпаз 30 тамызда анықталады.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев
Тегтер #Aport Mall West #Наурыз мерекесі #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz