Көкшетаулық табиғат жанашырлары қаладағы ең ірі демалыс орны саналатын жағалауды қоқыстан тазартты.
Экологиялық шараға 100-ге жуық ерікті қатысты. Жалпы жыл басынан бері шаһарда дәл осындай 50-ден астам тазалық акциясы өткен. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар қала тазалығын сақтап қана қоймай, жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған.
Аянбек Халийханұлы, қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Кеше бізде дәл осы жерде Наурыз мерекесі өткен болатын. Бүгінгі күні жастар болып қоқыстарды тазалауға шығып жатырмыз. Бұл акцияның маңыздылығы өзіміздің жастарға керек. Қаламызды таза ұстауымыз керек. «Таза Қазақстан» акциясын әлі жалғастырамыз күзге дейін.
Тегтер #жағалау #Көкшетау #экологиялық шара #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz