RU
Толық нұсқаға өту

Еріктілер «Мөлдір бұлақ» акциясын қолдауға шақырды

23.03.2026, 21:44 51

«Болашақтың қайнары» қозғалысының еріктілері қазақстандықтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдауға шақырды.

Ұйым Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған. Оның құрамына Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері енді. Осындай еріктілер топтарын еліміздің басқа өңірлерінде де құру жоспарланып отыр. 

Айдана Мұқажанова, студент:

- Су – тіршіліктің бастауы. Әр бұлақтың тазалығы – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Біз бүгін тек табиғатты қорғап қана қоймай, қоғамға үлгі болуға тырыстық. Енді осы игі істі жалғастыру үшін эстафетаны еліміздің барлық өңіріндегі еріктілерге жолдаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz