Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» жөніндегі ұлттық жобаны бекітті.
Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде қолға алынған. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат Қазақстанның 2030 жылға дейінгі энергетикалық қауіпсіздігінің стратегиясын айқындайды, сондай-ақ индустрияландыру және цифрлық экономиканы дамыту барысында қажеттілігі бірнеше есе арта түсетін базалық қуаттардың тапшылығын жоюға бағытталған. Ұлттық жобаны жүзеге асыру бюджеттен тыс қаражатқа, яғни инвестициялар тарту жолымен орындалады. Инвестициялардың жалпы көлемі - 7,5 трлн теңгеден астам. Жоспар бойынша 7,8 ГВт қуат көзін енгізу және жаңарту қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Ұлттық жобада экологияға және «таза көмір» технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отыр.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Ұлттық жобада тағы 1-2 көрсеткіш бар. Ол біріншісі жаңа көмір генерациясын салу. Ол міндетті түрде. Мысал ретінде үшінші Екібастұздағы ГРЭС салу. Курчатов қаласындағы ірі 700 МВТ-тық көмір генерациясын іске қосу. Үш жылу орталықтарын қосу Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында. Оған қосымша біз істеп тұрған көмір станцияларын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Тегтер #үкімет #көмір #генерация #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz