RU
Толық нұсқаға өту

Aport Mall ойын-сауық орталықтары Наурыз мерекесін атап өтті

24.03.2026, 21:52 51

Aport Mall ойын-сауық орталықтары күн мен түннің теңелу мейрамын ауқымды түрде атап өтті. 

Әз-Наурызға орай отбасылық демалысқа сай мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Қазақ эстрадасының жұлдыздары мен өзге де вокалдық ұжымдар сахнаға шығып, көпшілікті құттықтады.

Наурыз күндері Алматыдағы Aport East моллында мерекелік атмосфера орнады. Ұйымдастырушылар алтыбақан қойып, ләңгі тебу, асық ату және арқан тартыс бойынша сайыстар өткізді. Бұл - балаларды ұлттық мұрамен таныстырудың тамаша мүмкіндігі.

Марина Корчагина, Aport East Мall маркетологы:

- Апорт молдарында Наурыз мерекесі жыл сайын тойланады. Біз қонақтар үшін концерттік бағдарлама дайындадық. Қонақтар үшін аниматорлар, билер, әндер және мастер класстар болды және Нават шайханасынан 12 мың бауырсақ таратып жатырмыз. Наурыз мерекесімен құттықтаймыз және Апорт Молдарында күтеміз.

Aport Моллдары Наурыз мейрамының ажарын сыйлықтар мен ұтыс ойындарымен аша түсті. Осында 10 наурыздан бастап автокөлік ойнатылды. Оған қатысу үшін 10 мың теңгеден жоғары сауда жасап, түбіртекті купонға айырбастаса жеткілікті болды.

Aport Моллдары – қала тұрғындары мен қонақтар көп келетін отбасылық демалыс орны. Мұнда 60-тан астам мейрамхана, Орталық Азиядағы ең үлкен IMAX кино залы, бірегей Hawaii, Miami және SanRemo аквапарктері келушілер үшін қызмет етеді.Авторлары: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz