RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Елордада экологиялық талаптарды бұзған жүргізушілерге тосқауыл қойылды

26.03.2026, 12:00 45

Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған рейдтік іс-шараларды күшейтіп, ондаған мың құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды 24KZ, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталғалы бері полиция қызметкерлері 86 мыңнан астам құқықбұзушылықты тіркеді. Анықталған заңсыз әрекеттердің басым бөлігі – қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастау, ағынды суларды заңсыз төгу және қоршаған ортаны ластауға қатысты өзге де фактілер. Акция барысында 485 жүк көлігі мен 239 ассенизатор жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында Астана қаласындағы Күлтегін көшесінің бойында ЗИЛ автокөлігі жүргізушісінің қалалық аумақта сұйықтық төгу дерегі тіркелді.

Аталған құқықбұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігімен және "109 бірыңғай анықтама қызметімен" бірлескен рейдтер жалғасуда. Сонымен қатар құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. "Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты – елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және азаматтардың табиғат тазалығына деген жауапкершілігін арттыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz