RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысындағы Жақсы ауданына қатынайтын жолаушылар пойызы керек

26.03.2026, 15:05 36

16 мыңнан астам халқы бар аудан тұрғындары кейінгі кездері көлік қатынасы  өзекті түйткілге айналған. Сенат отырысында Талғат Жүнісов осылай деп Премьер-министрдің бірінші орынбасарына депутаттық сауал жолдады.

Ол мұндағы пойыздардың қазір станцияға тоқтамастан өтіп кететіні студенттер мен зейнеткерлер үшін үлкен қиындық туғызып отырғанын жеткізді. «Биылғы жылдың сәуір айынан бастап қозғалыс кестесіне енген өзгерістер осылайша тұтас аудан халқы үшін көлік қатынасын күрделендіре  түсті», – дейді халық қалаулысы.

Талғат Жүнісов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жаңа қозғалыс кестесіне сай Ақмола обылсында проблемалық жағдай қалыптасты. Ол әлеуметтік маңызы бар бағыттар – Ақкөл және Жақсы станцияларына қатысты. Пойыздардың станцияларға тоқтамай өтіп кетуі – өңірдегі тасымалдың қиындауына, халық үшін қаржы ауыртпалығының артуына әкеліп соқты.  Сондай-ақ тұрғындардың медицина, білім беру секілді өзге де әлеуметтік маңызы бар қызметтерді алу мүмкіндігін шектеді. Сондықтан жолаушылар пойыздарының аялдамаларын сақтауды қарастыру қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz