RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде оқушылардың 91 пайызы түрлі үйірмеге қатысады

26.03.2026, 14:25 46

Қосымша білім беру мекемелері демалыс кезінде де жұмыс істей береді. Себебі өңірде балаларды жан-жақты дамытатын орталықтарға сұраныс артқан.

Жасмин Ержан балабақшадан бастап би үйірмесіне қатысады. Шығармашылық академиясына келгелі 5 жылдан асқан. Түрлі ұлт биін игеріп, үлгілі ұжымның белді мүшесі атанды. Талантты оқушы елді аралап, түрлі сайыстарда жүлдегер атанып жүр.

Жасмин Ержан, оқушы:

- Қасымдағы достарым, ұстаздарым өте керемет. Керемет түсіндіреді. Өте мейірімді. Барлығын өздерінің балалары сияқты қарайды. Осы шығармашылық академиясы бір отбасы сияқты жүреміз.

Шығармашылық академиясында 50 үйірме жұмыс істейді. Орталық 3 мыңнан астам баланың басын қосқан. Оқушылар түрлі музыкалық аспаптарды игеріп, ән айту, сахна шеберлігі шыңдайды. Көркемсурет студиясы да бар. Спорт залдары ертелі-кеш босамайды.

Самал Тәжібаева, шығармашылық академиясының директоры:

- Демалыс кезінде міндетті түрде үйірмелер болады. Тағы бір ерекшелігі ата аналар сол балаларымыздың үйде бос отырып қалмау үшін біздерге бұл уақытта сұраныс көбейеді. Ал жазғы уаұытта міндетті түрде ай сайын лагерь ашылады. Жаазғы уақытта сұраныс екі есе артады.

Қазір облыста 49 бюджеттік және 159 жеке мектептен тыс білім беру орталығы бар. Оқушылар таңдаған үйірмеге қатыса алады. Соңғы жылдары ІТ-технологияларды игеруге сұраныс артқан.

Бұлбұл Күзембаева, облыстық Білім басқармасының басшысы:

- Техникалық бағыттағы үйірмелерді көбейткіміз келеді. Соның ішінде ІТ бағытындағы, цифрлық қазіргі сұранысқа сай. Бұл бағыттарда оқушлардың көптеген қызығушылығы бар. Мектептерде робототехника, стем кабинеттері қазір жасақталып жатыр. Сондықтан бұл бағытқа балалардың қызыңушылығы жоғары

Статистикаға сай қазір Ақтөбе облысында 190 мыңға жуық мектеп жасындағы бала бар. Осы оқушылардың 91 пайызы күнделікті түрлі үйірмеде қосымша білім алып жүр.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz