RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында еліміздегі ең ірі газ электр стансасы салынып жатыр

26.03.2026, 17:11 41

Стратегиялық маңызы зор нысан биыл жыл соңына дейін іске қосылмақ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың өңірге сапары кезінде айтылды.

Қазіргі уақытта облыс халқы орта есеппен 445 Мегават энергия тұтынады. Ал өңірдің өзінде өндірілетін қуат көлемі 136,5 Мегават шамасында ғана. Жаңа станция іске қосылса, өңірдегі қуат тапшылығын толығымен жауып, энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Жобаның бас мердігері – қазақстандық және оңтүстік кореялық компаниялардан құрылған консорциум. Бүгінде құрылысқа бір мыңнан астам адам және 150 техника жұмылдырылған. Газ электр станциясы пайдалануға берілген кезде 600-ден астам тұрақты жұмыс орыны ашылады.

Ұлан Бүркітов, «Түркістан БГҚ» ЖШС басқарма төрағасы:

- Төрт газ турбинамыз іргетасқа қондырылды, қазандық-утилизаторлардың құрылыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар осы жылдың аяғына таман құрылысты бітіреміз деген жоспарымызға сай келе жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz