Мораторий аяқталғаннан кейін Қазақстанда коммуналдық тарифтер күрт қымбаттамайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлімдеді.
Десе де коммуналдық және инфрақұрылымдық қызмет көрсететін компаниялар 1 сәуірден бастап тарифті көтеру бойынша өтінімдерін жолдай алады. Алғашқылардың бірі болып тозу деңгейі 80 пайыздан асқан «қызыл аймақтардағы» өңірлер өтінім береді. Оған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары жатады. Өтінімдер 90 күнге дейінгі аралықта қаралады. Сондықтан бұл өңірлерде тарифтер маусым айына дейін көтерілмейді. Қазір елдегі коммуналдық желілердің тозу деңгейі 50 пайыздан асады. Еске салайық, өткен жылы Үкімет коммуналдық тарифтерді көтеруге мараторий жариялады. Ал бірінші сәуірде шектеу күшін жояды.
Нұрлан Болатбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:
- Қазіргі жағдайда бізде табиғи тозулар жылына 3-4%-дан өсіп келеді. Бұны ұстап және одан төмен түсіру үшін бізге күрделі жұмыстар және инвестиция тарту қажеттігі талқыланды. Қазіргі кезде тарифтерді өзгерту қайта қарау бойынша жұмыстар жалғасуы мүмкін. Сол себепті бұл табиғи монополиялар субъектінің өз еркімен, яғни ұсынылған өтінімдер аясында өзгерулерді алда қарайтын боламыз. Бүгінгі күнде уәкілетті органдарға мұндай өтінімдер түскен жоқ.
Тегтер #коммуналдық тарифтер #өсім #үкімет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz