RU
Толық нұсқаға өту

Елде «Мөлдір бұлақ» акциясы басталды

26.03.2026, 17:55 58

Түркістан өңірінде бір жарым мыңға жуық бұлақ көзі тазартылады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов облыстың «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жоспармен танысты. 

Премьер-министр Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және маңайын абаттандыруға қатысты. Ескі бұлақтың ауданы 3,5 гектарды құрайды. Жалпы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы 23 наурызда басталды. Ең алдымен, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында, ал сәуір айында елдің қалған өңірлерінде өтеді. Бүгінде экологиялық іс-шараға 3800 астам адам тартылған. Әсіресе игі іске жастардың қатысуына ерекше мән беріліп отыр.

Дәулет Ниязбек, Сайрам аудандық жастар ресурсы орталығының басшысы:

- Қазіргі таңда бірқатар еріктілер тобымен ағаш егу жұмыстарын, бұлақ басын көріктендіру және сенбілік жұмыстарын толықтай атқару үстінде. Бұл акция, бұл жоба бүкіл республикамыздың аумағында жүзеге асып келеді. Біз аудан жастары атынан бүкіл республика жастарын атсалысуға шақырамыз.

Нұрлыбек Сәрсенбиев, Ақбұлақ ауыл округінің әкімі:

- «Таза Қазақстан» бастамасы Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты таза ұстау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру, сонымен қатар әрбір азамат туған жерінің тазалығына жауапты екенін сезіндіру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz