RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында 97 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

26.03.2026, 20:47 45

Қазіргі таңда реновацияға кіретін 13 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы толық дайын. Ал тағы алты мектептің құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. 

Былтыр Құрманғазы, Индер, Мақат және Қызылқоға аудандарында жоспарланған 9 мектептің 6-ы жөнделіп, пайдалануға берілді. Биыл 8 білім беру мекемесін жөндеуге 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы облыс бойынша 100-ге жуық мектептің тозығы жеткен. Жаңғырту жұмыстарының басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі білім ошақтарын қамтиды. Бағдарлама аясында мектеп ғимараттары толық жөнделіп, пәндік кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталады. Жаңа жиһаздар орнатылып, спорт залдары, кітапханалар мен асханалар жаңартылады, мектеп аумақтары абаттандырылады.

 Жақсылық Жанұзақов, облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Реновация-1300» 2029 жылға дейін жобасы бекітіліп, осы жұмыстар аясында бізде облыс, қала, ауылдық мекендердің тозығы жеткен күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерге реновация жүргізу белгіленген болатын. Мұнан басқа енді сараптамадан өтетін жобалар дайын болғаннан кейін қортынды алып, әрі қарай бюджетке ұсынамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz