RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандағы барлық автожолда мобильді байланыс болады

27.03.2026, 08:51 50

Елдегі барлық автожолдың бойында мобильді байланыс қолжетімді болады.

Биыл республикалық, ал келесі жылы облыстық маңызға ие күре жолдарды қамту жоспарланып отыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен отандық ірі телекоммуникациялық компания арасында келісім жасалған. Соның негізінде 40 мың шақырымнан астам автожолдың бойына 500-ден астам антенна мен станция орнатылады. Бұл жолаушылардың кез келген жерде шұғыл қоңырау шалуына және интернетті қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйесі мен жолдың жай-күйін тексеру технологиясын енгізуге ықпал етеді. Министрліктің мәліметінше, жобаға мемлекет тарапынан қаражат жұмсалмайды. Тиісті жұмыстарды компания өз есебінен жүзеге асырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz