Жамбыл облысында шегірткеге қарсы күрес басталып кетті.
Өйткені биыл үйірлі шегіртке 230 мың гектардан астам аумаққа таралуы мүмкін. Бұл былтырғыдан екі есе көп.
5-8 сантиметрге дейін қазылады да, содан кейін мынаның ішіндегі күбіршектерді анықтаймыз.
Ктм: Фитосанитарлар топырақ қазу жұмысын он күн бұрын бастады. Мамандар Байзақ ауданына баса мән беріп отыр. Себебі мұнда биыл үйірлі шегіркенің дернәсілі 32 мың гектарға тараған. Бұл былтырға қарағанда 5 есе көп. Сондықтан жауаптылар бір ауданның өзінен мың гектардан сынама алмақ.
Ерлан Құралбаев, облыстық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы:
- Күбіршектердің тығыздығы 1 шарты метрге 180 дананы құрап отыр. Жұмыртқа саны орташа есеппен 27,8 дана болып анықталды. Марокко шегірткесінің табиғи көтерілуі келе жатыр. Себебі морфометрикалық көрсеткіштің өзі марокко шегірткесіне 74 пайызды көрсетіп отыр. Біздің мақсат сол көлемді анықтап картасын сызып актісін толтырып инспекцияға өткіземіз.
Аймақтық болжамдар әдістемелік орталығының мәліметінше биыл зиянкестер 230 мың гектарға тарайды. Бұл былтырға қарағанда екі есе көп. Жалпы өңірде үйірлі үш түрлі шегіртке кеңінен тараған. Олар марокколық, азиялық және итальян прусы. Зиянкестерге қарсы зерделеу жұмыстары аяқталған соң барлық ауданда дәрілеу жұмыстары жүргізілмек.
Сәбит Жүсіпов, облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- Сәуір айының бірінші онкүндігінде алғашқы туылуы тіркелгеннен бастап бір аптаның ішінде біз химиялық өңдеу жұмыстарын жүргіземіз. Фитосанитарлық іс-шараларды атқаратын техникалар бойынша мердігерлердің барлығы анықталған. Оның ішінде жұмылдыратын техникалар биылғы жылға әуе ұшақтары онымен қоса жерісті бүріккіш техникалары және газогенератор, одан бөлек дрондар жұмылдырылады.
Жауаптылар биыл шегірткелер шабуылы үдеуі мүмкін екенін жасырмайды. Себебі бұл 7-8 жылда қайталанатын табиғи құбылыс. Тек алқаптарды уақыт өткізбей дер кезінде дәрілеу қажет, дейді аумақтық инспекция өкілдері. Биыл бұл жұмыстарыға 56 техника қолданылмақ. Жалпы өңірде Зиянкестердің таралу шегі соңғы рет 2017-2018 жылдары тіркелген.
Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә
Тегтер #Жамбыл облысы #шегіртке #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz