Қос палатаның бірлескен отырысынан кейін сенаторлар да пікір білдірді.
Айтуларынша, заң жобасының нормалары жаңа Конституцияның талаптарына сәйкестендірілген. Әкімдіктің бюджетті орындау есебі мен Алатау қаласын дамыту жөніндегі жылдық есепті интернет-ресурстарда жариялау міндеттеліп отыр. Қоғамдық қауіпсіздік жүйелерінің барлық деректері бірыңғай цифрлық платформада жинақталады. Мұнымен қоса заң жобасы "Digital by default1 қағидатын енгізуді және Алатауды ЖИ технологияларын кеңінен қолданатын толыққанды Smart City ретінде дамытуды көздейді.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл жерде дамудың алдын ала жұмыстарын жүргізу үшін құқықтық негіз болып табылатын арнайы актілер мен баптар енгізілді. Екінші мәселе: келешекте келетін инвесторлардың мәртебесін қорғау, қауіпсіздігі мен кепілдік беру мәселесі толық шешімін тауып отыр. Үшіншіден, қаланың бұрыннан келе жатқан тұрғындарының резидент ретіндегі мәртебесін сақтап қалу жайы қарастырылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жоғары қысымды газ құбыры өтетін аймақтан аталған азаматтарға 4 гектар жер беріледі. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары да өз шешімін тапты.
Тегтер #сенатор #Алатау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz